IZOTERM – КРОВЛЯ
IZOTERM – КРОВЛЯ
Синтетикалық байланыстырғыш пен гидрофобизаторды қосу әдісімен базаль тобының габбро-диабаз тау жынысының негізінде минералды мақтадан жасалған жоғары сапалы жанбайтын жылу- және дыбыс оқшаулағышты шаршы тақталар.
Тиімді жылу оқшаулағыштығы «Izoterm» базальт мақтасы жоғары сапалы оқшаулағыш болып табылады. «Izoterm» базальт талшықтары материал құрылымында тығыз байланысып ауамен 95-98% толтырылған өте ұсақ қуыстарына жанасады. Ауаның өте тқмен жылу өткізгіштігі баршаға мәлім. Осыған байланысты бөлмеде қыста жылу, жазда салқындық сақталады. Ғимараттарды «Izoterm» базальт жылу оқшаулағыштарымен шаптау жылуды жоғалтуды 50% дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Тиімділігі жоғары дыбыс оқшаулағыштығы Құрылымындағы ауа тесіктерінің мөлшері жоғары болғандықтан «Izoterm» шаршы тақталары ғимараттың ішінде дыбыстық ыңғайлылықты қамтамасыз етеді, түрлі құрылымдарды ауа және соққы шуынан жақсы қорғайды. Ауа жібергіш минералды мақталарды қолдана отырып сіз акустикалық төбелер, автокөлікке толған жол бойындағы шудан қорғайтын экрандар, бөлмеаралық қалқалар, жабындар мен едендерде бөлменің акустикалық ыңғайлылығын жақсарту үшін едәуір үнемді және тиімді шеш3м болып табылады. Сутепкіштігі «Izoterm» мақтасының негізіндегі барлық жылу оқшаулағыш материалдар жылытқышқа су жұқтырмайтын қасиетін тигізетін гидрофобтандырғыш қосымшалармен өңделген. Жылытқышта ылғалдың болуы оның жылу оқшаулағыш қасиеттеріне, қолдану мерзіміне және бөлменің микроклиматына жағымсыз әсер етеді. Жылытқыш суланған жағдайда оның салдарын жою мақсатында қымбатжәне көп уақытты қажет ететін шаралар қолданылады. Бұл шаралардың бірі жылытқышты ауыстыру болып табылады. Өрт қауіпсіздігі «IZOTERM» шаршы тақталары табиғи базальттан әзірленген, оған дайындау барысында байланыстырғыш заттын те аздаған мөлшері қосылады. Бастапқы шикізат бұйымның жану деңгейін анықтауда негізгі факторы болып табылады. Базаль талшықтары жанбайды, себебі ол бейорганикалық материалдардан дайындалады. Материал талшықтары1000С дейін температураға төзеді. Оның салдарынан құрылымды оттан сақтап, адамдар мен мүлікті құтқаруға көп уақыт береді және ғимаратты өрттен қорғау деңгейін арттырады. Бөлме өртенген жағдайда шаршы тақталардан ыстық ауа, түтін және жалынды тамшылар бөлінбейді. Экологиялылығы Бөлмелердегі жағымды микроклимат жалпы ауру-сырқау деңгейін төмендетеді және тұрмыстық жайлылығы мен еңбек өнімділігін арттырады. Бөлмелердегі жағымды микроклиматты қамтамасыз ету жобалау және құрылыс кезінде ең маңызды талаптардың бірі болып табылады. Жылу оқшаулағыш шаршы тақталар эколгиялық таза табиғи шикізаттан өндіріледі. «Izoterm» базальт мақтасынан жасалған бұйымдардың сипаттамалары тұтынушыға оларды өмірге ешбір қаупінсіз қолдануға жол береді. Өзінің өніміне қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зауыт адамға канцерогенді қаупін тигізбейтінетін өнім ретінде жоғары биологиялық ерігіш базальт талшықтарын қолданады. Беріктігі Жылу оқшаулығыштың механикалық беріктілігіне қойылатын талаптар оның қолдану шараларына байланысты. Құрылымдағы материалдың пішіні мен қалыңдығын сақтау мен сенімді бекітілуі үшін жылу оқшаулағыш материалдар пішінің өзгертіге тұрақтылық қасиетіне ие болуы керек. «Izoterm» минерал мақталы шаршы тақталары тамаша беріктілік қасиеттге ие, себебі, базальт талшықтары механикалыө әсерге төтей алатын ерекше құрылымды жоғары тиімді матерал болып табылады, ал алдыңғы шептегі технологиялар өндірісте талшықтар бейімділігін түрлендіріп, түрлі беріктілік қасиеттері бар бұйымдардың кең сұрыптамасын жасап шығаруға мүмкіншілік береді.
Көрсеткіш атауы |
Өлшембірлігі |
IZOTERM – ЖАБЫН |
Тығыздығы, шегінде |
кг/м³ |
171-200 |
Қысқан кезде қалпының 10% өзгеруі кезіндегі беріктігі, кем емес |
кПа |
75,0 |
Қысқан кезде сорылып ылғалданданғаннан соң қалпының 10% өзгеруі кезіндегі беріктігі, кем емес |
кПа |
73,5 |
Қабаттарын тартқан кездегі беріктік шегі, кем емес |
кПа |
45,0 |
Органикалық заттар құрамы, артық емес |
% массасы бойынша |
5,0 |
Үлгіні жартылай батырғандағы су сіңіруі, артық емес |
% массасы бойынша |
5 |
Үлгіні толығымен батырғандағы су сіңіруі, артық емес |
% көлемі бойынша |
1,5 |
Ылғалдылығы, артық емес |
% массасы бойынша |
0,3 |
Байланыстырғыштың поликонденсациялану толықтығы, кем емес |
% | 93 |
IZOTERM маркалы шаршы тақталар полиэтилен және термошөгінді қаптағаға оралады. Шаршы тақталар жабық қоймаларда маркасы және мқлшері бойынша сақталуы қажет. Шатыр астында немесе ашық жерде шаршы тақталарды жауын-шашыннан толығымен қорғайтын полиэтилен қаптамаларда тұғырықтар үстінде сақтауға болады.