«IZOTERM» зауыты– «ЕВРОВЕК» словениялық концернінің еуропалық жабдықтарында базальт талшықтарының негізінде жылу оқшаулағыш өнімдерді жасап
шығаратын Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Глубокое кентінде орналасқан Қазақстанның ең алғаш зауыттарының бірі. 2007 жылдың 29
тамызында пайдалануға тапсырылып, қазіргі таңда едәуір даму барысында және 10 жылдан астам бойы «Сіздің үйіңіздің жылуын сақтайды»
Осындай қысқа мерзімде жинаған зауыттың тәжірибесі жылу оқшаулағыш материалдарды баға мен сапаның оңтайлы арақатынасымен жасап шығаруға
мүмкіндік береді. Төсеніштер мен шаршы тақталар жылу оқшаулағыш материалдарға қойылатын жаңа талаптарға сай келетін экологиялық тазалығы, жылу
өткізу және жанбау сипаттары жағынан жоғары көрсеткіштерге ие.
«IZOTERM» тас мақтасының негізінде жасап шығарылатын отандық жоғары сапалы жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдардың жаңа буыны. Осыған орай,
оларды тұрғын-үй мен өнеркәсіп ғимараттарының құрылысы, қайта құруы және жөндеуінде кең қолданады.
«IZOTERM» өнімдері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймағында барлық қажетті тексерістер мен сертификациялаудан өтті.
• «IZOTERM» тауар белгісімен базальт талшықтарынан қазіргі заманғы жылу оқшаулағыш материалдарын жасап шығаратын Қазақстан зауыты.
• Қолдану саласы: өнеркәсіп және азаматтық құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорны және жылу энергетикасы.
• Инвестициялар: 4 млрд. теңгеден астам.
• Жұмыс орындары – 300 адам
• Өндірістік база: Глубокое кенті, Шығыс-Қазақстан облысы, өндірістік орнының жалпы ауданы 11130 шаршы метр, Аумағы – 5,4 га.
Байланыстар, жабдықтар.
• Жабдықтар мен технологияларды жеткізуші–Еуропадағы минерал мақталы өнімдерің ірі өндірушісі TERMO (Словения) концернінің құрамына
кіретін EUROVEK фирмасы.
ологиялық тұрғыдан таза «IZOTERM» минералды мақтасы тасты жоғары температурада балқыту тәсілімен (габбро-диабаз) алынатын ең жұқа өзара-
қайшыланған талшықтардан тұрады. «IZOTERM» минералды мақтасының жылу оқшаулағыш қасиеттері оның барлық көлемінің 96%-на дейін болатын ауа
тесіктерінің салдарынан пайда болған. Ол тесіктерде қозғалыссыз күйде ауаның жылу өткізу мүмкіншілігі өте аз.
«IZOTERM» зауытының жетістігінің кепілі - ерекше бәсекелестік артықшылықтарының, шикізат базалары мен тауар өткізудің негізгі нарығына қатысты
ыңғайлы географиялық қолжетімділігінің және шетелдерде оқыған жоғары сапалы техникалық мамандардың болуында. Өнім ассортиментінде нарықтағы
барлық қажеттіліктерді және ең талғампаз сатып алушыны қанағаттандыруға көзделген өнімдердің кең ауқымын бар. Өзінің бақылаудан өткен
зертханасы мен сынақ және оқу орталығының арқасында жасап шығарылатын өнімнің сапасын тиімді бақылауы бапталған.
Өнеркәсіп шығарылатын өнімнің сапасын жақсарта отыра өндірісті дамытуға едәуір күш жұмсайды. Өндірісте жаңашаландырылған технологияларды
қолданудың арқасында кәсіпорын жаңа деңгейге жетіп, аз уақыт аралығында ресейлік және шетел өндірушілерімен бәсекелестікке шыға алды.
Өндірістің желісі шаршы тақтаның мөлшері мен қалыңдығына қатысты әр сатып алушының талабын ескеруге және бейстандартты көлемді өнімді,
сондай-ақ, «сэндвич» типтес панельдерді өндіруге арналған шаршы тақталарды жасап шығаруға мүмкіндік береді.
«IZOTERM» тас мақтасының негізінде жасап шығарылатын өнеркәсіп және азаматтық құрылыста қолданылатын отандық жоғары сапалы жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдардың жаңа буыны.
"IZOTERM" ассортименті ғимараттарының жабынын және келбеттерін оқшаулауға арналған жылу және дыбыс оқшаулағыш тақталарын, сэндвич типті қабырғалық және шатырлық панельдерді, қоршау құрастырмаларға арналған жүктелінбеген оқшаулағыш шаршы тақталарды, сондай-ақ, жұқалтыр мен шыныматамен қабатталған базальт талшықтарынан жасалған жылу оқшаулағыш төсеніштерін қамтиды.
Нарықта «IZOTERM» келешегі зор және кәсіби құрылыста қолданылатын жоғары сапалы минерал мақталы өнім.
«IZOTERM» өнімдері барлық қажетті тексерістер мен сертификациялаудан өтті .
«IZOTERM» зауытының жетістігінің кепілі - ерекше бәсекелестік артықшылықтары мен даму екпінінде. Өнім ассортиментінде нарықтағы барлық қажеттіліктерді қанағаттандыруға көзделген өнімдердің кең ауқымын бар, жасап шығарылатын өнімнің сапасын тиімді бақылауы бапталған. Дистрибьютор желісі тиімді істейді.